Үміткерлерді ҰБТ және ОЖСБ тест тапсырмаларын құрастырушы ретінде іріктеу және оқыту

"Тест тапсырмаларын әзірлемешілеріне арналған қашықтықтан және бетпе-бет оқыту материалдарын Кембридж Университетінің бағалау бойынша мамандары дайындады. Аталған сарапшылардың тест тапсырмаларын әзірлеу, сараптама жасау және халықаралық білім беру мен тестілеуге қатысты басқа ұйымдардың әзірлемешілерін оқыту бойынша мол тәжірибелері бар. Сарапшылардың басым бөлігі білім беру жүйесін реформалау бойынша жаһандық жобаларға қатысады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу және оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың жоғары сапасын, талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Кембридж Университеті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының сарапшыларымен оқыту материалдарын әзірлеудің барлық кезеңінде бірлесе жұмыс жасады."